Досымжан Танатаров

1487 Досымжан Танатаров
Рейтинг: 5оценка дается при
написании отзыва
Гонорар: в тенге договорной
Локация: Астана
Телефон: 7 701 738 68 64
поделиться:

фото

описание

Статус: Певец, актер.

Жанр: Эстрадный, разговорный.

Программа: Блочная

Язык: Казахский

Қазақ еліне өзінің қоңыр дауысымен, мәртебелі марапатымен танымал Досымжан Таңатаров 1show.kz редакциясының аса қадірлі қонағы болып қайтты.

 

Досымжан аға, шығармашылығыңыз қалай жүріп жатыр?

Өзімнің жеке шығармашылығыма келетін болсақ, әндер жазылып жатыр. Жақында Алматыға жұмыс сапарымен барып қайттым. «Ұлттық шоу» телебағдарламасының жүргізушісі ретінде қатысқан болатынмын. Алғаш рет осы бағытта жүргізушілік қабілетімді танып көрдім.

Осы жылдың соңына дейін бейнеклип түсіретін ойыңыз бар ма?

Шынымен, бейнеклип түсірмегенімізге бір жыл болыпты (күліп). Жуырда керемет композитор, Бауыржан Исабаевтың сөзіне жазылған «Інім» атты туынды жарыққа шықпақ. Бейнеклиптің сценариін дайындап, орнын белгіледім. Алла жазса, биыл міндетті түрде түсіріп шығамыз.

 Астана күніне санаулы күндер ғана қалды, соған орай, репертуарыңызда Астанаға арналған әндеріңіз бар ма?

Мен осыған дейін де бірнеше ән жазған болатынмын. Негізі, Астана туралы төртбес әнім бар.  Көбіне Астанадағы жұлдыздармен қосылып айтқан «Есілім», «Астана кеші» сынды әндеріміз бар. Көз алдымда өсіп келе жатқан қаланың мен үшін орны бөлек.  Сол себепті, менің Астанаға деген тартуым ешқашан тоқтамайды.

«Құралайдай» хит әнінің орнын толтыратын әніңіз болады деп ойлайсыз?

Алдағы уақытта әлі де халықтың көңілінен шығатын талай әндерді жазатыныма сенемін. Дегенмен, көпшілік мені, менің шығармашылығымды осы «құралайдан» бастау алғанын біледі. Бірақ, сахна төрінде қанша өлең айтсам да, құралайды айтпасам болмайды. Ол менің төлқұжатым!

Футболдан әлем чемпионаты басталғанына бір апта болды? Қай командының жанкүйері болып табыласыз?

Әрине, спортты сүйетіндіктен, хабардармын. Бірақ белгілі бір командының жанкүйері емеспін. Себебі, уақыт жоқ (күліп). Алғаш ойынды көрген кезде де жол сапарында болдым. Енді бүгіннен бастап, қайта қарай бастаймын.

Ғаламтордағы белсенділігіңіз қандай?

Әлеуметтік желілерге келгенде, біраз сараңдаумын ғой деймін. Вконтакте, Twitter -дің белсенділерінің қатарындамын деп айта алмаймын. Әзірше, деңгейім instagram көлемінде ғана болып тұр. Достарым, туыстарым осы салада жүргендіктен, қалыспауға тырысамын. Негізі, ақпарат әлемінде жүрген дұрыс деп ойлаймын.

Жаз маусымын қалай және қайда өткізетін жоспарыңыз бар?

Бос уақытымды балаларыма арнаймын. Көптен күткен жазғы демалыстарда жыл сайын отбасымызбен сапарға аттанамыз. Шет елдерді аралап емес, өзіміздің қасиетті, киелі жерлеріне барып, тарихқа негізделген ақпараттарды жинап, ерекше әсер алып қайтамыз. Әсіресе, балалар үшін өте маңызды, керек дүние. Қызым да ұлым да ең алдымен туған жерінің қадірқасиетін сезініп, бойларында патриоттық сезім өрбіте берсін деген ниетпен жыл сайын қызықты да пайдылы сапарға аттанамыз.

Досымжан аға, ашық әңгімеңізге рамет! Сіздей әке, әнші елімізде көп болсын!

Сізге рахмет! 1show.kz редакциясына келгеніме ризамын!

Салтанат ҒАББАС

видео

комментарии

2 Сентября 2015 11:00
оценка: 5

Здравствуйте, меня интересует произведение "Ұлы Далам". хотелось узнать автора песни.

ваша оценка: