Қалдыбек Жайсанбай

1054 Қалдыбек Жайсанбай
Рейтинг: 0оценка дается при
написании отзыва
Гонорар: в тенге договорной
Локация: Алматы
Телефон: +7 701 738 68 64
поделиться:

описание

1show.kz редакциясының кезекті қонағы, Ретро fm радиосының  жүргізушісі Қалдыбек Жайсанбай,  теле-радио саласының қызығы мен шыжығы жайлы бөлісуден еш аянбады.

-         Радиодағы дикторлық қызметіңіз қалай басталды?

Радиоға бала кезімнен армандап жүріп келдім, деп айта алмаймын. «Дауысың жағымды» деп достарым қолқа салып болмаған соң Қызылорда қаласында енді ашылған коммерциялық радиоға барып, кастингтен өттім. Алайда «дауысың жағымды болса да ойыңды жинақтап айта алмайсың» деп кері қайтарып жіберді. Соған қарамастан ол жерде мен жарты жылдай уақыт жүріп, үйрендім. Ақыр соңында эфирге шығып, содан радиодағы мансабым басталып кетті. Ол жерде 3 жылдай жұмыс істеп, 2000 жылы Астанаға аттанып кеттім. Сол жердегі «Астана радиосында» 1 жылдай қызмет етіп, 2001 жылдан бастап Алматыға ауысып кеттім. Сөйтіп, 1,5 жыл Қазақ радиосында шеф-редактор қызметіндеболып, 2003 жылдан бастап Европа плюс Қазақстанға келдім.

-          «EuropaPlus» радиосында жүргізген қандай бағдарламаларды жалғастырар едіңіз?

«Европа плюс Қазақстан» радиосында жыл сайын, жаңа маусымда жаңа бағдарлама дайындап жүрдім. «Түнгі вояж», «Асау жүрек», «Жарық ай», - деген секілді кешкі бағдарламаларды дайындап, жүргіздім. Шын мәнінде, «Асау жүректі» жалғастырар едім. Өйткені, ол бағдарламада көптеген тақырып қамтылған.

-          Тікелей эфирдегі есте қаларлықтай ең қызықты оқиғаңызды айтып берсеңіз?

Жалпы, радиодағы эфир ағып жатқан өзен секілді. Қайтадан айналып келмейді. Сондықтан, тікелей эфирде болатын оқиғалар да өте көп болатындықтан, олар ұмытылып қала береді.

-         Радиодан тыс бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

Радиодан тыс, бос уақытымды балаларыма арнауға тырысамын. Өйткені, бос уақыт көп бола бермейді. Ал олардан артылып жатқан бос уақытта, ғылыми-фантастикалық кітаптар оқығанды ұнатамын.

-         Телеарнаға қалай келдіңіз?Алғаш жүргізген бағдарламаңыз қандай?

Телеарнаға да аяқ астынан келдім. Радиода жұмыс істеп жүргендіктен, диктор ретінде кейбір мәтіндерді оқып бер деп телеарналарға шақырып тұратын. 2005 жылы НТК телеарнасында Джубокс деп аталатын музыкалық бағдарлама басталған. Соны жүргізу үшін кастинг жарияланып, содан өтіп кеттім. Сол басталғаннан әлі күнге дейін жалғасып келеді.

-         «EuropaPlus»-нан «Retro fm» радиосына көшу кезеңі сізге қалай әсер етті? Негізі, өзіңіз қай бағытты таңдар едіңіз?

Осыдан 3 жыл бұрын «Европа плюс Қазақстан» радиосын Алматы қаласына ғана қалдырып, оның орнына Ретро Фм-ді шығару туралы шешім қабылданған болатын. Басында екі жақ та бұл жаңалықты қабылдағысы келмей, біраз қиналдық. Алайда, менің өзіме осы 70-80-90 жылдардың хиттары жақын болғандықтан, бұл радиодағы жұмысым жақсы жүріп келеді.

-         Осы уақытқа дейін журналистика саласына «қандай үлес қостым» деп ойлайсыз?

Журналистика саласына үлес қостым деп ауыз толтырып айта алмаймын. Бірақ, біраз тер төгіп еңбектенгенім өтірік емес. Менің осы салада қосқан, қосып жатқан және қосатын үлесім шәкірт тәрбиелеу деп білемін. Осы уақытқа дейін радиода қызмет етсем екен деп келген талай қыз-жігіттерге жөн сілтеп, осы салаға қосылып кетуіне себеп болғаным бар.

-         Әлеуметтік желідегі белсенділігіңіз төмендеп кеткен сияқты, оған не себеп болды?

Соңғы кездері телебағдарламаларға продюссерлік етіп жүрген жайым бар. Сондықтан, соның басы-қасында жүріп, одан радиодағы жұмысым, ал тағы бала-шағам бар, осылардың барлығы әлеуметтік желідегі белсенділігімнің төмендеуіне себеп болды. Сонымен қатар, менің өзімнің қызығушылығым басылып қалды.

-         Уақыт өте келе жемісін көретіндей, қазір бар күшіңізді, үлесіңізді қандай салаға қосар едіңіз?

Радио саласында барлығын біліп алғаннан кейін, осы саланы әрі қарай дамытар едім. Бізде бәсекелестік деген өте аз. Мысалы, заманауи Қазақстандық әндерді ғана қоятын радио әзірге жоқ. Міне, осы бағытта инвестиция салатын демеушілер табылса, тіпті де керемет болып кетер еді.

-         Қазақстанның шоу-бизнесіне көңіліңіз тола ма?

Көбісі біздің шоу-бизнесті Ресейдікімен салыстырады. Онымен салыстыруға болмайды. Өйткені, оларда шоу-бизнес қашаннан бері бар, ал бзде енді ғана пайда болды. Алайда, Қазақстанның шоу-бизнесі жыл сайын өсіп келеді. Яғни, бір орнында тұрған жоқ. Міне, сондықтан оған көңілім толады.

-         Жеке өміріңіз жайлы қысқаша баяндап берсеңіз?

Жеке өміріме келер болсам, отау құрғаныма 9 жыл болды. 8 жасар Бексұлтан есімді ұлым мен 3 жасар Майя есімді қызым бар. Аяулы жарымның есімі Әлия. Ол да журналистика саласында еңбек етеді. Теле-радио бағдарламалардың жүргізушісі болып келеді. Қазіргі кезде Ретро Фмде қазақ тіліндегі жаңалықтарды оқиды.

-         Әңгімеңізге көп рахмет! Жоғарыда айтып кеткен ұсыныстарыңызға жұрт құлақ асады, деп сенеміз!

-         Иә, солай болғай! Сізге де рахмет!

 

 

Салтанат ҒАББАС

комментарии

В данный момент у анкеты нет отзывов, но вы можете стать первым!

ваша оценка:

Данные удалены

Данные сохранены

Для редактирования анкеты нужно получить pro аккаунт или оплатить доступ к редактированию на 12 часов

Для редактирования комментариев нужно получить pro аккаунт

Для добавления анкет активируйте свой аккаунт, перейдя по ссылке в отправленном письме на e-mail который вы указали при регистрации

На обычном аккаунте нельзя добавлять больше одной анкеты

Для добавления обсуждения вам необходимо войти или зарегистрироваться.

Для добавления обсуждения вам необходимо активировать свой аккаунт, перейдя по ссылке в отправленном письме на e-mail который вы указали при регистрации.