Сұлулық та игі іс...

жұлдызды

1show.kz жұлдызды жаңалықтардан тыс қалмайтыны рас. Жақында қазақстандық арулар сырқат балаларға қолдау көрсету мақсатында «Аяр әйелдердің сұлулығы» атты күнтізбенің тұсаукесері өткізілді. Қайырымдылықтың бастамашысы, ауқымды бьюти-жобаның жетекшісі, белгілі визажист Нұрлан Алимходжаев болды.

Жобаның негізгі мақсаты – нағыз сұлулықты насихаттау, сонымен қатар заманауи қазақстандық әйелдер мінездерінің жаңа қыр-сырын көрсету.

Күнтізбенің майталмандары – қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары мен табысты бизнес-арулары: Динара Сатжан, Айгүл Иманбаева, Жанар Дұғалова, Аида Кауменова, Дильназ Ахмадиева, Макпал Исабекова, Луина өзгешеліктерін таныта білді.

Аталмыш ауқымды бьюти-жобаның жүзеге асуында бір топ мамандар, атақты фотографтар мен сән әлеміндегі білікті сәнгерлер аянбай еңбек етті.

2015 жылғы күнтізбе 5 000 дана таралымымен шығатын болады. Журналдың сатылымынан жиналған қаржы атаулы көмек ретінде сырқат балаларға табыс етіледі.

Елордамыздағы ауқымды іс-шаралардың қатарында өзіндік орын алған күнтізбенің тұсаукесері ойдағыдай өткізілді. Қазақстан шоу-бизнесіндегі аруларымыздың өнерлері өрге жүзсін - дегіміз-ақ келеді.

26 Ноября 2014
5926
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram