«Сарыарқа» дуэті жаңа бейне клипінің тұсауын кесті

Сарыарқа дуэті

«Сарыарқа» дуэті «Бойжеткен» атты жаңа бейнебаяндарының тұсауын кесті. Кеш Астанадағы «ChicagoMusicHall» салтанат сарайында өтті.

Өздері айтып кеткендей, Сарыарқаның төсінде танысқан өнерлі жігіттер Қанат Сембеков пен Айдар Байдилдиносыдан 8 жылбұрын «Сарыарқа» тобынқұрып, тыңдармандар ықыласына бөленіп келеді. Бүгінде олардың қоржындарында 20-дан астамән, 1 әнжинақ, 3 бейнебаян бар.

Қуаныштарына ортақтасып келген қонақтар тізімінде танымал ақын, сазгерлер, әншілер мен белгілі тележүргізушілер, өзге де шоу-бизнес өкілдері болды. «Хор қызы», «Жастық дәурен» әндерімен танымал болған жігіттер, репертуарларындағы Қанат Жүнісовтың сөзіне жазылған Мұрат Қабыловтың «Бойжеткен» әніне түсірілген бейнебаяндарының тұсауын кесіп, тілекшілердің құттықтауларын қуана-қуана  алды.

Данияр Есен, теле-радио жүргізуші:

«Сарыарқа» тобын мен бұрыннан білемін. Топтың алғашқы іргетасын қалаған азаматтарды да жақсы танимын. Жалпы, топтың бағыты маған ұнайды. Қазақы ұстанымға сай дүниелер тудырып келеді. Ал жаңа әнбаянға келетін болсақ, қазіргі заманауи стильде түсірілген. Бүгінгі отандық әнбаяндардың қазір түрлі-түрлісі шығып жатыр. Ең бастысы бәсеке бар. Бәсеке болған жерде ақырын сапаға келе бастаймыз. Бірақ әттеген-ай деген тұстар да жетіп артылады. Мысалы, қазір ашық-шашық киінген қыздарды жарнамалаған клиптер де кездесіп қалып жатады. Бұл біздің қазақы болмысымызға жат дүние деп түсінемін.

Кештің тізгінін астаналық «ORDA FM» радиосының жүргізушісі Майра Төлепберген, «Қазақстан дауысы» телевизиялық байқауының І маусымында жеңімпаз атанған Шахаризат Сейдахмет және танымал шоумэн Асқар Сүлейменов ұстады.

«Сарыарқа» дуэтінің шығармашылығы өрге жүзе берсін! Отандық шоу-бизнесте осындай талантты, үлгі тұтар жұлдыздарымыз көп болғай!

Салта ҒАББАС

21 Мая 2015
6060
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram