Арман Момынов: үздік тойдың 7 құпиясы

Арман Момынов

Танымал шоумен, «Astana Arlans» клубының ринг-анонсері, «Лига Джентльменов» құрамының мүшесі, ерекше дарындылығымен тамсандыра білетін Арман Момынов тойға байланысты пайдалы кеңестерімен бөлісті. 

  1. Бір терезе қағидасын ұстану. (Мерей-той алдында бірнеше event компанияларды араулаумен емес, ауқымды қызмет спектрін ұсынатын, тәжірибесі мол сарапшыларға барып, уақытыңызды үнемдеген абзал). 
  2. Отандық өнімді қолдайық. (Тойыңызға өзге елдің жұлдызын шақырып, шығындалғанша, өзіміздің аса құрметті де талантты өнер жұлдыздарын қоштайық!) 
  3. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» (Тілек санын 5-6 тізімге қысқартып, оны қызықты бағдарламамен толықтырыңыз. Бұндай той келген қонақтардың есінде қалады). 
  4. «Көпті білгеннен емес, көпті көргеннен сұра» (Тойды бірақ рет өткізген таныстарыңызды тыңдамай, шоумен немесе жүргізушінің кеңестеріне құлақ ассаңыз жөн болады) 
  5. Той күні өзіңіз қонақ болып келіңіз! (Мойыныңызға артылған жұмыстың барлығын той режиссері атқарады. Қазіргі кезде бұл мамандық той саласында қарқынды дамып келеді) 
  6. Жастардың тілегін тыңдаңыздар! (Олардың да тойға байланысты керемет идеялары болуы мүмкін) 
  7. Киелі сан! (Жоғарыда айтылған кеңесті ұстансаңыз, кеш жоғары деңгейде өтетініне кәміл сенемін) 

23 Октября 2015
3417
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
<
Ваша
оценка:
вконтакте facebook twitter youtube instagram