Певец Дос
Певец Дос
Просмотров: 12776
На сайте: 9 г. 10 мес.
Комментариев: 2
Певец Дос
Локация:
Астана
Состав
соло
Услуги
мужской вокалстатус звезды


Описание

Обширный репертуар авторских песен, исполняет исключительно собственный жанр. А он, как известно, любим и знаком Казахстану по революционному звучанию направления «EuroBeat». Добрая примесь интерактива, оригинальные вокальные импровизации и эстрадная харизма. Танцевальный блок состоит из 5-6 зажигательных треков, которые могут отзвучать нон-стоп. Исполнять треки в разбивке между тостамиДос не практикует. Возможен сумбур в сценарии, так как гости всё равно пойдут в пляс. Целесообразней начинать с Доса антракт, лучше всего через 3-4 трека, пока гости вернутся на танцпол. Очень яркий, динамичный и запоминающийся артист.

Статус: Звезда Эстрады

Жанр: Эстрадный, современный.

Программа: В разбивку между тостами либо блочная в антракте. (6-7 песен)

Язык: Казахский, Русский.

 

Тыңдарман құлағына жағымды естілетін аты бар, атына заты сай эстрадалық әнші ДОС редакциямызға келіп, сұхбат беруге қуана-қуана келісті. Осыған дейін ол— бірнеше беделді байқауларда топ жарса, бүгінде «Базар жоқ» театрының әншісі» деген абыройлы атақтың иесі.

-         Сіз жайлы ақпарат қарастырғанда жай ғана Дос емес, жанына «әнші Дос» деп жазбасаң, табу қиын. Осындай айтпаса да түсінікті қосымшаның қажеті қанша?

-         Иә, дұрыс айтасыз. Жақында көпшілік жерде бір жігіт мені тоқтатып алып, әңгімеге тартты. Ғаламтордан менің әндерімді жүктегісі келіп еді, таба алмай қойған екен. Сондағысы, іздеу жолағына тек «ДОС» деп жазса, ағылшынша сайттар ашыла қалатын көрінеді.  Сондықтан, есімімнің жанына әнші деп қосып іздесеңіз әндерім де, мен жайлы ақпарат та табыла қояды.

-         Танымал әнші болғаннан кейін сізді тойларға жиі шақырады. Осы күнге дейін райдерыңыз неге жоқ?

-         Жалпы, мен райдерды да, продюсерді де қажет етпеймін. Құдайға шүкір, күні бүгінге дейін халқым мені құрметпен қарсы алып, өнеріме ризашылықтарын білдіріп жатады. Ал гонорарым орта есеппен алғанда 700$ шамасында. Тойларға қазақстандық эстрада әншілерімен де бірге қатысамыз. Араларында көпшілігімен доспын. Жанұялық достарым деп сазгер, әрі әнші Қайрат Баекенов, ақын Қанат Жүнісовті айта аламын. Сондай-ақ, Құрмаш Маханов, Алтынбек Тәшімбетов, Ақылбек Жеменей, Айгүл Иманбаева, Маржан Арапбаева,  «Бәйтерек» тобының жігіттерімен де жақсы араласамын. Айта берсем, менің достарым өте көп екен.

-         Құрмаш Маханов екеуіңіздің бірігіп жазған «Достар» әні нағыз «хитке» айналғандай.  Бейнебаян түсіру мәселесін қарастырдыңыздар ма?

-         Рахмет. Бұл әнді Құрмаш ағам өзі жазып, маған дуэтпен орындауға ұсыныс айтқан еді. Қуана-қуана келістім. Алайда, бағасын халық өзі бере жатар. Ал, тректік бейнеклипті жаз айларында Қазақстанның әсем табиғатының аясында түсіруді жоспарлап отырмыз. Оған тіпті қымбат кабриолет іздестіріп жатырмыз. Өнерімізді бағалайтын тыңдарманға әрдайым сапалы дүние ұсынғымыз келеді.

-         Кабриолет емес, өзіңіздің көлігіңіз ше? Білуімше, сіздің темір тұлпарыңыз да арзан емес...

-         (Күліп) Шынымды айтқанда, автокөліктерді жаным жақсы көреді. Кішкентай кезімнен бастап қызығушылығым болды. Тіпті, өзімнің қызым кәмелеттік жасқа әлі толмаса да, көлікті бұрыннан айдай алады. Және арзан, қымбатын да ажыратады. Ал, менің қазіргі тұлпарым өзім үшін арзан емес, әрине. Жол талғамайтын көліктердің бағасымен бірдей десем де болады. Бірақ оны бейнебаянда көрсетпейтінім анық!

-         Жаратқан сәтін салып, жаңа бейнебаян шығып жатса, жеке концерт ұйымдастыруды да қолға алатын шығарсыз?

-         Осыдан екі жыл бұрын Астанада жеке концертім болды. Көрерменім мені жылы қабылдады. Одан бөлек, Қазақстанның әр қалаларында да жанашыр тыңдармандарымның барына қуанамын. Оларға шексіз ризашылығымды білдіремін. Алла қаласа, сіздерді күз айларында концертіме шақырып қалуым әбден мүмкін. Алайда, менің ойымша, қазіргі менің жасым шәкірт тәрбиелеп, ұстаз(!) атанатын уақытқа жеткен сияқты.

-         Ескінің сөзімен айтқанда «Жүйрік ат, өткір пышақ, жақсы әйел—ердің қайрағы»  дейді. Сіз өзіңізді бақытты еркектер қатарына жатқызасыз ба?

-         Әрине. Өзім сүйетін, өзімді сүйетін асыл жарым бар. Қандай іс болмасын жарымның келісімімен шешуге тырысамын. Сахналық киімді таңдағанда да әйелімнің талғамына сенемін. Жалпы, әнші болып қалыптасуыма үлкен қолдауын білдірген ақылшым да сол кісі. Кейде ойлаймын, әнші болмағанда, темір ұстасы болатын ба едім?! Мәселен, құрал-сайман, бөлшектермен айналысу қолымнан келеді. Бірақ, бір нәрсені толық сеніммен айта аламын. Кәсібімді де, жарымды да таңдауда қателескен жоқпын. Сондықтан, мен —бақыттымын!

-         Олай болса, бақыттың базарында шалқып жүре беріңіз! Қызықты әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Жұлдыз Акбарова

 

 

Фото
Видео
Рейтинг анкеты: 5Комментариев: 2
Комментарии
Дата: 22 Мая 2013 12:30
Оценка:
5
Дос - самый лучший певец! оригинальные и очень современные песни, неповторимый жанр и просто очень добрый, хороший, отзывчивый человек! Уважаю и ценю его творчество! ждем от него еще побольше суперхитовых песен! с уважением, поклонница его таланта и фанатка Асия))))
Дата: 20 Июля 2013 12:34
Оценка:
5
Дос - базар жок анши.Мен онын барлык андерин суйп тындаймын.Досеке мен сизге тек кана бакыт жане онер жолында улкен улкен табыска жетуинизге тилектеспин.Осылай билеп халыктын конилин озинизге аудара бериниз.Мен сиздин поклоннигинизбин. Сизбен жакын араласкым келеди.сиздин ен керемет тындарманыныз САКЕН
Написать отзыв
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram