Қайырымдылық концерті

ӘРҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН

Жақында балалар күні қарсаңында 1show.kz редакциясының ұжымы «Здоровая Азия» қоғамдық қорымен бірлесіп, көмекке мұқтаж балаларға арнайы концерт ұйымдастырып барып қайтты.

«Адам баласы қайткенмен, жағдайы мүшкіл, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруі тиіс» - дейді, 1show.kz редакциясының менеджері Қ.Сыздыков.

Бүгінде денінің саулығын үміт етіп, баласының жарқын өмірге қайта келуін тілеп жүрген ата-аналар аз емес. Өкінішке қарай, жан ақауымен ауыратын бүлдіршіндер қатары әлі де бар.  

Балаларға мерейтой ұйымдастыру идеясын құптаған «Здоровая Азия» қоғамдық қоры «Ана мен бала орталығындағы» тәрбиеленушілеріне бойынан өнер тамған, қоғамымызға танымал жұлдыздарымыздың әуенді әндерімен, керемет те сыйқырлы қойылымдарын тарту етті.

Рүстем ЖУГУНУСОВ, жас әнші:

«Мен үшін әркез баланың орны бөлек болып табылатын, қазір де дәл солай. Жағдайының қиындығына қарамастан, бүгін бір сәт балалық шақтарына уақыт бөліп, шын жүректен қуанып отырған бүлдіршіндерді көру бір ғанибет.»

Сонымен қатар, ниеттерін білдіруге қосылғандар сиқыршы «Дадо» мен «Подкова» балаларды сауықтыру агенттігі балалармен асу-тасу ойын ойнап, бір сергітіп жіберді.

Аталмыш шараларды қолға алып, жиі атап жүрсе, көпшіліктің жанары нұрланар еді. Бір-бірімізге мейірлі, қамқор болуды еш сәтте ұмытпайық!

Салтанат ҒАББАС

6 Июня 2014
5679
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram