#Rin’Go тобы Астаналықтарға ұмытылмас кеш арнады

RinGO

Он жыл бойы сахнада өнерлерімен ғана тамсандырмай, қыздардың жүрегін аулаудан жалықпайтын Rin’Go тобының жігіттері Астанаға келіп, керемет кеш сыйлады.​

Ерлан Көкеевтің Диско-барына жиналған жұрттың жартысынан көбін қыздар құрады. Осыған байланысты, сүйікті топтарының жігіттері тыңдармандардың тілегін орындап, хит әндердің бірі «По берегу» әнін сахнада бірге орындауға мүмкіндік берді. Бұндай кездейсоқтыққа тап болған қыздардың қуанышында шек болмағаны әбден көрінді.​

RinGO

Астаналық тыңдармандарын сағындырып келген Rin’Go кешті ырғақты «Сағыныш» әнімен бастап, баршаны бірден биге шақырды.

Rin’Go жайлы бірнеше дерек:

  • Әр бейсенбі өткізілетін «Тыңдармен кешкі кездесу» жобасы Астана қаласының мәдениетін, өнерін көркейту, дамыту жолдарының бірі, деп есептейді.
  • Аптаның жұмыс күндеріне қарамастан, біздің сахнадағы образымыз еш өзгермей, өзімізге ыңғайлы, халыққа ұнамды болғанын қалаймыз.
  • 2015 жылы (осы уақытқа дейін) еліміздің 20 шақты қаласына концерттік бағдарламасымен барып келді.
  • Rin’Go жігіттерінің әрқайсысы күніне неше рет #selfie жасайтынын санамағанмен, қызықты сәттер көп болса, шектеусіз жариялай беру еш қиындық тудырмайды екен.
  • XXI ғасырда қыздың жүрегін аулап алу үшін, жігіт әрдайым өз сөзінде тұрып, заманның жаңа талаптарына қарамастан, жігітке жігіт болу міндет, деген нақты ойларымен бөлісті.

RinGO

Кеш соңында #selfie-ге таласқан біртоп қыздар Данияр, Аян, Әділжанмен естелікке суретке түсеміз деп, сүйікті әншілерін зорға жіберді. Ал, Батыр болса, сахнадан түсіп-ақ шұғыл шаруасымен асығыста кетіп қалды. Дегенмен, Rin’Go тобының хит әндерін тыңдап, тамаша кешіне бөленген халық ризашылығын білдірді.

Салта ГАББАС

13 Ноября 2015
4787
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram