Кеш You тобы жаңа әнін жігіттерге арнайды

Кеш You

Кеш You тобы – еліміздегі  қыздардан құралған топтың ең үздігі деп айтып жатады. Шындыққа көз жеткізу үшін 1show.kz ұжымы Астанаға келген қыздармен кенет кездесіп, сауалдарын қоюға асықты.

Алдымен, топтарыңызға жаңа әншінің келуімен құттықтаймыз! Өзгерістерге қарамастан, бірден іске кірісіп, жаңа бейнебаян түсіріп үлгердіңіздер. Ондағы ерекше кадрлардың мағынасы неде?

Біздің кез-келген бейнеклиптегі образымызды продюсеріміз Баян Есентаева ойластырып, құрайды. Жуырда шыққан жұмысымызды сапалы әрі танымал бейнеклиптің авторы өз қолына алған болатын. Иә, көпшілік клиптегі қасқырдың махаббатқа қандай қатысы бар деп айтып жатыр.  Негізі, терең үңіліп қарайтын болсақ, мұнда жігіттің жан-дүниесі сипатталған. Біздің қазақтың ер-азаматтарына, олардың қайсардай мінездері тікелей болмаса да осы образдар арқылы көрсетілді. Бұл бейнеклипті жігіттерге арнаймыз. (күліп)

Уақыт өте келе дау-дама тудырған жаңа өлең қандай жетістікке әкеледі, деп ойлайсыздар?

Сынға түспейтін дүние жоқ. Қазір барлығы тыңдап жүрген «Ризамын» өлеңі де талай сынға түскен еді. Алғашқы екі ай жан-жақты талқыланып, неше түрлі пікіп қалыптастыратыны рас. Кейін құлаққа жағымды әндердің қатарына енеді, деген сенімдеміз.

Қыздар арасында, сахнада болмаса күнделікті өмірде қандай әшекей бұйымдарды таққанды ұнатасыздар? Белгілі бір брэндті айта аласыздар ма?

Ақиқатын айта келе, біз оған баса мән бермейміз. Сахнаға киетін киім үлгімізде әшекей жеткіліксіз болса, таңдауы көп жерге барып, сатып аламыз.  Белгілі бір әшекей бұйым белгілерін таңдамаймыз. Ең бастысы талғамға сай, бір-бірімен үйлесіп тұрса болғаны.

Қазір жеке шығармашылығын бастап жатқан Жанар Дұғаловамен байланыстарыңыздың қандай?

Өте жақсы. Оның қуанышына әрдайым ортақпыз. Жақында «Turkvizyon-2014»  байқауына қатысқалы жатыр. Біз Оны жан-тәнімен қолдап, жеңімпаз атануына үлес қосуға дайынбыз. Жанар бұндай атаққа лайық деп санаймыз.     

Сіздерді Астана қаласының тойларына жиі шақыра ма?

Қазақстан қалаларының ішінен Астанадағы тойларға жиі келіп тұрамыз. Мысалы, біздің тобымыздағы Айданаға елордамызға келіп тұру өте ыңғайлы. Неге десеңіз, туған туыстарына қуана барып тұрады. Астананың ызғарлы ауа райына да ақырындап үйреніп келеміз. Дегенмен, қаланың сұлулығы жүректі жылытады (күліп).

Аз да болсын уақыт бөліп, сауалдарымызға жауап бергендеріңіз үшін көп рахмет!

Сіздерге  де рахмет!

6 Ноября 2014
9938
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram