Интервью с командой «Сенсация»

квн сенсация

Жыл басталғаннан бері жаңа жоспар, жаңа бағыттар орын алатыны рас. Сонымен қатар, әзіл әлемі де болмыстан қалыспай, бір топ қалжың жинап, Ұлттық КВН лигасы маусымашар фестивалінің гала-концертіне шақырады.

Аты затына сай, «Сенсация» тобы жастар арасында танымал болып келеді. Өздері орыс тілін қазақша үйренетінін жасырмайтынын айтады.

«Сенсация» тобының капитаны, Дастан Жайнақ КВН-дағы 7 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, біз білмейтін қызықты жайттарды айтты.

КВН-дағы өміріңіз қалай және неден басталды?

Осыдан жеті жыл бұрын Алматы қаласында, студенттік өмірге аяқ басқалы жайдарманда ойнадық. Алғашқы екі жылда қазақ тілінде ойын көрсеттік, енді міне осы күнге дейін орыс тіліндегі ұлттық лигаға қатысып жүрміз.

Не себепті оған бетбұрыс жасадыңыздар?

Үлкендердің кеңесі бойынша, олар орысша әрең сөйлейтін командалардың бірі әсте қызық көрінетіндігін айтты. Біз бұл ұсынысты қабылдап, ең бірінші рет орысша ойнап шыққан кезде, бірден жүлделі орынға ие болдық. Кейін «Сочидағы» ойынға үш рет барып қайттық. Туған елдің жұрты да, Ресейдің де тұрғындары әзілдерімізді ұнататынын байқадық.   Міне, осылайша орысшамыз бен қазақшамызды араластырып келеміз (күліп).

Жас КВН ойыншыларының арасында беделіңіз жоғары болар, олармен байланыстарыңыз қандай?

Ия, қазір өзіміз білім алған оқу орнындағы студенттерді КВН-ге дайындаймыз. Белсенділерді жинап, топтың құрамымен жұмыс жасаймыз. Тәжірибемізді бос кетірмей, пайдасына жаратудамыз. Бірақ жай ғана шетінде тұрып, сахнада өзімді көрсетсем дегендерді аулақ ұстаймыз. Өнерін болған соң, халыққа жеткізуің керек, деп ойлаймын.

«Кеше мен бүгін» КВНдағы айырмашылықтар...

Бастапқыда, мүмкін, қыздардың назарын аударғымыз келгендіктен болар, аруларымыздың күнделікті әдетін, тұрмыстіршілігін ойнап көрсетуге әуес болдық. Тіпті, бізді сол әзілдерді арқылы танып білген табынушыларымыз да пайда болды. Онымен қоса, беделді әзілкештердің әзілін тыңдап, аздап өзгертіп, еліктеп те жүрдік. Бірақ, үлкен сахнаға шыға бастағаннан кейін, ондай әрекетке барған емеспіз. Қазіргі кезде көбіне саяси және ауыл тақырыбын қозғаймыз.

Екі тілді жетік меңгергендігіңізді және сахнадағы еркін образыңызды ескере отырып, той-бизнеске баратын ойыңыз болды ма?

Шынымен, бір-екі рет той жүргізіп те көрдім. Бұл екі жолды қарастыратын болсақ, сахна төрі жаныма жақын екенін түсіндім. Бірақ белгілі тележүргізуші Динара Сатжан өзінің отбасылық тойдуманын атап өтуге шақырған болатын. Ол біздің тобымызды, әрі біздің ауыл жайлы әзілдерімізді ерекше сүйетінін айтты. Бағалы ұсынысты қуанышпен қабыл алдық. Бүгінде отандық телеарна жобаларымен де байланысымыз тығыз, деп айта аламын.

Көңілді әңгімеңізге көп рахмет!

Сізге де рахмет!

19 Февраля 2015
3619
Автор: администратор
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
<
Ваша
оценка:
вконтакте facebook twitter youtube instagram