Мадина Садуақасова: хит әнді өзім де күтудемін

Мадина Садвакасова

Шуақты көктемнің келуімен байланысты 1SHOW.KZ тілшілері отандық шоубизнестің сұлу да танымал жұлдыздарымен «өзіндік лайфстайл» тақырыбында сөз қозғады.  Ең тартымды әншілердің бірі Мадина Садуақасова сауалдарымызға бірінші болып жауап берді.

  • Шығармашылығыңыз қандай бағытта жүзеге асып жатыр?

Менің шығармашылық және жеке өмірімде жаңа леп пайда болғаны жасырын емес. Бүгінде мен ана Мадина ретінде танылып жүргендіктен, репертуарымда бала тақырыбындағы әндер аздап жинақталуда. Өнердегі досым Медеу Арынбаевтың сыйға тартқан әніне жақын арада бейнебаян түсіретін ойымыз бар. Қазіргі директорым Маржан Садуақасовамен жаңа жобаны жасау үстіндеміз. Дегенмен, істі жүзеге асырмай тұрып, жария еткіміз келмейді. Әзірше, құпия болып қала берсін.

  • Бүгінде ұстанып жүрген имидж қалай туды? Сізге еліктеп жүрген қыздар бұл жолға қалай келуі керек?

Мадина Садуақасованың имиджі табиғатына, болмысына қарай шаш үлгісі, киім киісі, лирикалық, нәзік дауысты орындаушы болып табылады. Бұл имидж туды деп айта алмаймын. Ол өзіммен бірге қалыптасқан қасиет және үйлесім деп білемін. Ал қыздарға еліктеуден бұрын, өз стилін тауып ұштаған жөн деген кеңесімді айтар едім. Соңғы кездері имиджімді өзгертуге бел буып жүргенім бар. Көпшілікке таныс кекілімді алып тастадым (күліп).

  • Жақын арада сізден хит әнді күтуге бола ма?

Хит әнді өзімде күтудемін. Ақындарға да  хит жазып беріңізші деп айта алмайсын. Халықтың сүйікті әніне айналдыратын бұл құдіретті күш. Көрерменнің ықыласы қай әнге жататынын білмейміз. Жазылып жатқан жаңа әндердің біреуі  қалың жұрттың көңілінен шығады деген үміттемін.

  • «Қазақстан дауысы» бағдарламасының болашағы бар ма?

Әрине, бар. Аталмыш жоба Қазақстанға міндетті түрде керек. Өйткені бұл жобада адамның бет-әлпетіне, жасына шектеу қойылмайды. «Сахнаның адамы емес» деген стереотипті бұзатын жобалардың бірі болғандықтан, болашағы зор болып табылады. Уақыт өте келе, өзімнің тәлімгерлерім шығармашылық шыңдардан көрініп жатқанына өте ризамын.

  • Күнделікті өмірде қандай стильде киінгенді ұнатасыз?

Күнделікті өмірде өте ыңғайлы киімдерді кигенді ұнатамын. Мысалға жейдеше, ішкөйлек, джинсы сынды жеңіл-желпі киімдер жаныма жақын. Ал қыз-келіншек ретінде үйде жүрген кезімде «халат» кигенді қаламаймын. Тіпті өз үйімде, жақындарымның арасында жүрсем де, әп-әдемі, жып-жинақы болып жүргенді жақсы көремін.          

Cалта ГАББАС  

12 Марта 2015
7095
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram