Портфолио 1show.kz
Playstation ойыншылары тартысқа түсті

Playstation ойыншылары тартысқа түсті

«Gratual» ойын клубының салтанатты ашылуы қайырымдылық іс-шарамен ұштас болып келді. Кештің ұйымдастырушылары астананың белгілі шоу-мендері Азат Абыкен және Арман Николаевич балалардың танымал тұлғалармен бәсекеге түскенін негізге алды.

Шағын болса да заманауи, сапалы құралдармен жабдықталған, келген қонақтардың керемет әсер алуына барлық жағдай жасалынған.

Танымал әншілер мен шоумендердің тізгінін: Азамат пен Антон, Ярослав Мелехин, Адиль және Ерлан, әнші Адам, Дос, Закир «Домино», Килиманджаро, ағайынды Жүгінісовтер, Марина Бейсеханова толтырды.

Үнемі сахна төрінде, мерейтойда және көгілдір экранда жарқырап жүретін жұлдыздарды көрген балалардың бірі аңтаң болып, біреулері қуаныштарын жасыра алмай, бірден ойынға кірісіп кетті.

Бәсекеге түскен үлкендер мен кішілердің ойындары аса тартысты, әрі қызықты өтіп жатқаны байқалды. Балалардың құрметіне тәтті тағамдар мен сусындар дайындалып, ал бүлдіршіндерге мультфильмдер көрсетілді.

Қайырымдылықтың шегі жоқ демекші, балалардың көңілін көтеру мақсатында «Body Art» (денеге сурет салу) студиясы түрлі түсті бояу салса, бүгінде көпшіліктің майталманы - «Трансформерлер» келіп, ойынды бірге тамашалап, суретке түсті.


Азат Абыкен, кеш ұйымдастырушысы, шоумен:

Бірі білсе, бірі білмейтін болар, жүргізушілік қызметті бастағаннан бері, алатын табысымның кішкене бөлігін қайырымды істерге жұмсап отырамын. Менің досым, әріптесім Арман Николаевич екеуіміз әрдайым игі істерді қолдауға тырысамыз. Бүгін «Gratual» атты жаңа ойын клубында өткізіліп отырған кешіміз де көптің көңілінен шығады деген ойдамыз.

Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен шағын сыйлықтар табыс етілді. Тартысқа түскен үлкендер балалардың өздерінен асып түсіп, олардың үздік ойнайтындарын мойындады. Балалармен келген жетекшілер де алғыстарын айтып, ақ ниеттерін білдірді.

Осылайша, бір-бірімізге қол ұшын беріп, ойнап-күліп жүре берейік!

Салтанат ГАББАС

25 Июля 2015
2510
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
вконтакте facebook twitter youtube instagram