Алишер Каримов. Сіз білмейтін 7 дерек

Алишер Каримов

Super Star.kz жобасының қатысушысы, ерекше дауыстың иегері Алишер Каримов Астанаға келіп, тыңдармандар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

«Лига Джентьлменов» көңілді эфирінің қонағы болып қайтқан Алишер Каримов Ерлан Көкеевтің Диско-барында үздік әндерін орындады.

  • Алишер Каримов сахнада 10 жыл. Super Star.kz жобасынан кейін, яғни 2005 жылдан бастап, отандық сахна төріне жиі шығып, танымалдығы арта түсті.
  • Жыл сайын жеке концертімен Қазақстанды аралайды. Өткен жылы 22 қалаға барып, өнерін паш етті.
  • Эксклюзивті жаңалық. 2015 жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласы, Конгресс-холл сахнасында әншінің жеке концерті аталып өтпек. Келіңіздер! Көріңіздер!
  • Алишер Каримов қазақ эстрадасында жеке, дара әнші ретінде ән айтқанды жөн көреді екен. Дуэтпен орындау бойына байланысты ыңғайсыздық туғызуы мүмкін, деп өз ойымен бөлісті. Талантты әнші өзінің ерекше дауыс ырғағымен талай қыздарды тамсандырғаны сөзсіз.
  • Адамгершілігі мол әнші концерттен жиналатын қаржыны қайырымдылыққа жұмсайтыны белгілі болды. Осындай белгілі тұлғалар игі іспен жиі айналысатын болса, нұр үстіне нұр жауар еді.
  • Джентльмендердің қызықты да шұғыл сауалдарына лайықты жауабын беріп, тапқырлығымен өзгешеленді.
  • Бүгінде Алишер Каримов үш ұялы телефонмен қолданады екен. Егер қоңырау шаламын десеңіздер, көп күтуге дайын болыңыздар! Әншінің өмірі қызыққа толы, уақыты тығыз болуы үйреншікті жайт.

Салта ГАББАС

10 Ноября 2015
5214
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram