Үзілістегі жайттар

Кешкі ТІМЕ

Тыңдау да өнер

Аптаның басынан-ақ тыңдармандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кешкі уақытты ажарландыратын «Кешкі Time» бағдарламасының тыңдармандары өздерінің игі ниеттерін білдіруден еш жалықпайды. Оған себеп болған ыңғайлы уақыт па әлде қызықты бағдарлама ма екенін жүргізушілерден білгенді жөн көрдік.

«Orda.fm» радиосынан  қалың бұқараға жететін маңызды оқиғалар, қызықты деректер мен әсем әуен топтамалары кез-келген адамның назарын, көңілін аулап алатыны сөзсіз. Күнделікті күйбең тірлікте демалуға да уақыт бөлуді ұмытпай, жанға жақын істерді әдетке айналдыратын адамды  өмірді сүйетіндердің қатарына жатқызуға әбден болады. Міне, осындай жайдары азаматтар санының күннен күнге артуына «Кешкі Time» бағдарламасы себепкер болып отыр.

Шетінен шешен, шетінен көсем демекші, Майра мен Жасұлан жақсы мен жаман, татуласу ажырасу, махаббат пен кесапат тағы да басқа өзекті тақырыптарды қозғай отырып, тыңдармандарымен пікір алмасып,  жұмбақты сұрақтар ойындарын өткізеді. Сонымен қатар, «Кешкі Time-ның» аса қадірлі қонағы, халық қалауы, қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары, өнерпаз адамдары болады.

Майра ТӨЛЕПБЕРГЕН,«Кешкі Time» бағдарламасының жүргізушісі:

«Кешкі Time» алғашқы айналымында Жасұлан екеуіміз екі сағат бұрын дайындалып, бағдарламамызды орын орнымен реттеп қоятынбыз. Кейін осындай дайындық ресми түрге тән дүние деп келістік. Қазіргі уақытта бағытымызды ыңғайлы, еркін етіп жасаймыз. Негізі Тime күлкілі оқиғаға толы, шарықтау шегі бар оқиғалармен хабардар етуге бағытталған. Үлкен-кішілердің арасында балалық шаққа шолу жасап, жаңылтпаш, логикалық қырлары бар жиырма шақты ойындар өткіземіз. Тыңдармандарымыз күлкі-ойыннан сергіп қалады».

Жасұлан ЖҰРСЫН, «Кешкі Time» бағдарламасының жүргізушісі, танымал асаба:

«Тілші ретінде жан-жақты салада жұмыс жасадым. Бірақ радио жаныма жақын орталардың бірі болып табылады. Біздің студияға келген қонақтар еркін тілдесіп, тыңдармандарды қызықтыратын сауалдарға жауабын беріп, тіпті кейбір сырларымен бөліседі. Кешкі уақытта көпшілік шын жүректен демалып, рахаттанады».

«Кешкі Time» жүргізушілерінің жемісті еңбегінің нәтижесінде «Кешкі Time» көркейіп келеді. Негізін салушылар бағдарламаның болашағы жарқын болмақ деседі.

Салтанат ҒАББАС 

28 Мая 2014
3250
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
<
Ваша
оценка:
вконтакте facebook twitter youtube instagram