Алтын дауыс

Мейрам Сапарғали

Жақында қоңыр даусы бар, акустика мен артикуляциялық дыбыстардың дұрыс және бұрыс айтылуында анық-қанығын білетін радиожурналистер арасында «Алтын дауыс» байқауы басталмақ. Аталмыш байқау қатысушысы Мейрам Сапарғали ақпарат ағынында жүрген 1show.kz редакциясының сауалдарына қуана жауап берді.

 

«Алтын дауыс» байқауына қалай келдіңіз?

Бұл байқау  "Қазақстан" теле-радио кешенінің ішінде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл ұжымда 5 жылдан артық қызмет істеп келе жатқандықтан халыққа етене жақын дауыс ретінде ұсынған екен. Бес жыл ішінде қаншама жарнамалар, әлеуметтік роликтер, эфирлік дыбыстауларды дыбыстадым. Осылайша "Алтын дауыс" сайысына тап болдым.

Аталмыш байқау сіз үшін қаншалықты маңызды?

Бұл жерде маңыздылығы сол - халықтың маған деген, менің дауысыма деген бағасын білгім келеді.

Өзіңізбен бірге қандай қатысушылар бақ сынаспақшы?

Менімен бірге алтын дауысқа лайық көптеген дикторлар бар. кейбірін тіпті өзімнен жоғары бағалаймын. Олардың оқу шеберлігіне, тембрына тәнтімін.

Байқаудың негізгі шарттары қандай?

Бірақ шарт ол - www.kaztrk.kz сайтында "Алтын дауыс" деген бөлімше тұр. Сол жерде дауыс жинау керек.

Қатысушы ретінде нәтижесі қандай болады деп ойлайсыз?

Нәтижесін бара көрерміз. Қазіргі нәтижесін көрсем "тыңдарман талғамына лайық емеспін бе?" деп ойлаймын. Бірақ шын мықты жеңеді деп ойлаймын.

Салтанат  ҒАББАС

13 Июня 2014
6729
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram