Астана – Мәңгі жас қала

Астана – Мәңгі жас қала

Жыл сайын атаулы мерекеге еліміздің түкпір-түкпірінен отандастарымыз ғана емес, шет мемлекеттерден де келетіндер баршылық. Соған орай, астаналықтар үш күндік демалыста бірнеше концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Таңдауға тұрарлық салтанатты іс-шаралар саны да көп.

Қала тұрғындарына, қонақтап келген көрермендерге әсерлі де шабытты көңілді тарту еткен ORDA fm радиосының жүргізушілері Азамат пен Антон және Бахтияр Әбілқайыр әйгілі бәйтеректің алдында есте қаларлықтай үш күндік дүбірлі мерекелік той өткізген болатын.

Шынымен, «Еңбектеген баладан еңкейген қарияға» демекші, Астана күніне арналған концерт таза ауада атап өтілгенімен,  бәйтерек алаңы адамдарға лық толы болды.  Сахна төріне шыққан өнерпаздардың өнерлеріне аса тәнті болған көрермендердің құрметіне әзіл-сықақтарда айтылып отырды.

Заманауи өзгерістерді тез қабылдайтын қоғам бұл кезде де жаңашылдықтан тыс қалмады. Кеш жүргізушілері сахнада тұрып, арттағы көрермендермен бірнеше рет «сэлфи» жасады. Көңілдері көтеріңкі қауым кештің соңына дейін ән мен би өнерлерін тамашалап, қазақ эстрадасының белгілі орындаушыларын тағаттанып күтті. Аса қадірлі әншілердің ішінде: «Арнау» дуэті, «Кеш You» тобы, Айгүл Иманбаева, Алмас Кішкенбаев, Маржан Арапбаева, Қыдырәлі  мен Қарақат  патриоттық әсем әндерін тарту етті.

Маржан АРАПБАЕВА, халық әншісі:

Әрине, мерекелік концерт өте ұнады. Жазғы уақытта өткізілгендіктен, бізге қонақтар көп келеді. Жалпы, жыл сайын біз елордамыздың туған күнін  қазақи ниетпен, бар күшімізді салып тойлаймыз. Сонымен бірге, өзіміз Астанамен өсіп, көркейіп келеміз, деп ойлаймын. (күліп) Иә, концертті ұйымдастыруда айырмашылықты байқадым. Жеке келетін болсақ, өткен жылдардағы мерекеге қатысуым, қазіргі кездегідей белсенді болған емес. Осы жылы Астана күніне орай көптеген «Аялаған Астана», «Астана жұлдызы» жобаларына  қатысып, ауқымды мерей-тойдың дәмін таттым деп айтсам да болады.

Елордамыздың туған күніне арналған концерт шулы да қызыққа толы болды. Қаланың мәңгі жас болуына ықпал ететін, қоғаммен етене жұмыс жасайтын 1show.kz ұжымы талай белестерді бағындыра алатынына еш күмән жоқ!

Салтанат  ҒАББАC

9 Июля 2014
5677
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram