Дос – БІЗДІҢ ҚАЛА

Дос – БІЗДІҢ ҚАЛА

Отандық эстрада әншілерінің сүйікті Елордамызға арнаған әндері баршылық. Енді бұл қатар, әнші Достың орындауында жаңа бір әнге толып отыр. Тіпті, жақында Youtube желісінде «Біздің қала» атты бейнебаяны щығып, көпшіліктің назарын аударды.

  • «Біздің қала» әні бір жыл бұрын жарыққа шыққанымен, биыл бейнебаян түсіруге бел будық. Бұл туынды бірден тыңдармандардың көңілінен шықты. Менің ойымша, әннің ырғақты әуені оған себеп болды.
  • Түсірілім барысында қызықты сәттер көп-ақ болды. Бейнебаянның өзі көп уақыт алмағанмен, монтаж жасау, әрлеу жұмыстары сапасын дәлелдеуге тырысты.
  • Жаңа туындының басты мақсаты жастардың туған қалаға деген сүйіспеншілішгін арттыру болып табылады. Соған орай, өздеріңіз байқағандай, Астанадағы жастар серуендеп жүретін әсем жерлерді назарға алдық. Сонымен қатар, күнделікті өмірді, күйбең тірлікті, тұрғындарды да көрсетіп алдық.
  • Негізі, бейнебаян Рамазан айында түсірілген болатын. Сол себепті, кейбір қиыншылықтар да туындап қалды. Экранға жайдары, күлімдеген жүзімен өлең сөздерін жеткізу міндет емес пе? Ал, мен болса көңіл-күйім жоқ, түсірілімге дайындығым щамалы болды. Режиссердің кеңесін тыңдап, оразамды бір күн бұзуға тура келді. Тамақтанып, әлденіп алғаннан соң, жұмысымыз оңға басты.
  • Өнердегі әріптестерімнің айтуынша, аталмыш бейнеклип ойдағыдай шықты. Әнімді халыққа осындай бағытта жеткізгенім жөн болды, деп қолдайды.
  • Менің үнемі көңілді әндер жазуыма серпінін тигізіп, шабыттандыратын жанұяма, адал достарыма алғысым шексіз. Жаңа бейнебаяным көрермендерге жақсы әсер қалдыратынына сенемін!

Салта ГАББАС

27 Августа 2015
7256
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram