Тұрар Рахимберлин: ән айтамын да жазамын

Тұрар Рахимберлин

1show.kz журналының кезекті қонағы, «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттердің қатарынан болу керек. Неге десеңіз, әнші және композитор жігіт, бүгінде Мuzzone телеарнасының жүргізушісі ретінде көпшіліктің көңілін аулаған.

- Тұрар, шығармашылығыңыз қалай және неден басталды? Бала кезіңіздегі арманыңыз орындалды ма?

Өзімнің туып-өскен қалам Қарағанды қаласында оқып жүргенде алғаш рет сахна төріне көңілді тапқырлар клубы (КТК) арқылы аяқ бастым. Бұл үлкен сахнаға шығуыма себепкер болды. Иә, орындалды, деп айта аламын. Бала кезімнен ән айтуды, әртістерге ән жазуды армандадым. Бүгінде осы басты жұмыстарымның бірі болып табылады. 

Қазақстан шоу-бизнесіне қалай танымал болдыңыз?

Соңғы жылдары танымалдығым арта бастады. Дегенмен, одан да үлкен жетістіктерге ұмтылуға тырысамын. Сол себепті үнемі еңбектеніп, жақсы  әндер жазып, бейнебаян түсіруге бар күшімді саламын.

- Композиторлық жұмысыңыздағы жетістіктеріңіз қандай?

Осыдан бір жыл бұрын «Алматы – менің алғашқы махабатым» фестиваліне арнайы ән жазған болатынмын. «Бұл Алматы қаласы» деп аталатын ән аталмыш фестивальдің әнұранына айналды. Бұл әнді Қазақстан эстрадасындағы аса танымал әншілерімен бірге орындадық. Бұл композиторлық жұмысымдағы қуантарлық жетістіктерімнің бірі деп айтуға болады.

- Тележүргізуші, әнші, композиторлық қызметіңізді қалай ұштастырасыз? Қай сала өзіңізге жақын болып келеді?

Мен тележүргізушілік, әншілік пен композиторлықты оңай ұштастырамын. Күндіз тікелей эфирде, кешкісін сахнада ән айтумен, түнде ән жазумен айналысамын (күліп). Егер осы салалардың біреуін таңдау керек болса, жаныма жақын әншілікті таңдар едім.

- Осы уақытқа дейін қандай байқауларға белсенді қатысып, белгілі бір орынға ие болдыңыз?

Қазіргі уақытта байқауларға қатыспаймын. Университетте оқып жүрген кезімде «Қазақстан» әнімен халықаралық патриоттық әндер байқауында бірінші орын жүлдегері атанған болатынмын.

- Телевизиялық бағытты дамытатын қандай жобаны қолға алар едіңіз?

Алдағы уақытта телевизия саласында жұмыс атқарсам, музыкалық бағытта дамытатын едім. Ал, әзірше продюсерлік орталығымды ашуды жоспарлап жүрмін.

- Ән орындаудағы өзіндік стиліңіз бар, оған қалай келдіңіз? Болашақта репертуарыңызды жаңартатын ойыңыз бар ма?

Рахмет. Ән орындаудағы өзіндік стилімнің болуы, ән жазудағы екі бірдей жұмысты атқарғаннан болар. Өзгелерді көшірмеймін де еліктемеймін де. Әрдайым жаныма жақын іспен айналысамын.

- Жаңа әніңіз «Ақ таң» жайлы айтып берсеңіз?

Әрине. Жақында ғана екі ән жаздым. Біреуі сүйікті қаламыз Алматы туралы болса, екіншісі «Мәңгі қасымда бол» деп аталытын махаббат жайлы ән. Сонымен қатар, Елордамыз Астана туралы ән жинағымды толтырмақ.

- Келесі бейнеклип не туралы және ерекшелігі қандай болмақ?

Келесі бейнебаяным арман жайлы болмақ. Күні кеше Шарын шатқалында болып, бейнебаян түсіріп қайттық. Қазір монтаждау үстінде. Көп ұзамай жарыққа шығады. Көрермендер ерекшелігін өздері бағалайтын болар. 

- Үнтаспаңыз қашан жарыққа шығады? Дайындық қалай жүріп жатыр?

Ағымдағы жылдың соңына дейін шығаруды көздеп отырмын. Дәл қазір қоржынымда сегіз ән бар. Бірақ 12-ге жеткізгім келеді.

- Шығармашылыңыз жайлы ой бөліскеніңіз үшін көп рахмет! Биік шыңдардан көрінуіңізге тілектеспіз!

Қызықты да орында сауалдарыңызға рахмет!

Салтанат ГАББАС

4 Сентября 2014
4785
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
<
Ваша
оценка:
вконтакте facebook twitter youtube instagram