ADAM аты әйгілі болуға лайықты

певец Адам

Оның атын «Новая волна-2013» байқауы көпшілікке танытты. Үлкен сахнаға аяқ басқалы классикалық рок стилінде айтылып жүрген әндері әсте тыңдармандардың көңілінен шыққаны рас. Бүгінде тәжірибе жинақтаған Adam алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Шығармашылығыңыз қандай бағытта дамып жатыр?

Қазіргі уақытта екі бағытта дамып жатыр деп айтуға болады (күліп). Мені көбінесе мерекелік кештер мен үйлену тойларына жиі шақыратын болды. Күнделікті репертуарымды жанжақты бағытта дамытуға тырысамын.

«Новая волна – 2013» байқауынан кейін өміріңіз күрт өзгерді ме?

Ия, бұл ауқымды бәйгеден кейін танымалдығым арта түсті. Арада екі жыл өткенмен жұрт әлі де болса, «юрмаланың қатысушысы» ретінде құрметтейді. Дегенмен, әнші адам Adam, жеке тұлға ретінде танып, ізгі ниеттерін білдіріп жатса, қуанышым шексіз болар еді.

Жақында жаңа бейнеклип түсірейін деп жатқаныңызды естідік. Ол тура не айта аласыз?

Бұл құпия емес (күліп). Бейнебаянымыз Астана қаласында түсіріледі. Бойжеткен елордамыздың сұлулығына тамсанып жүріп, сауда орталықтарын аралап, адамдармен танысады. Ал кешкі уақытта мейрамханада ән шырқап жатқан Adam-ды кезіктіреді. Жазылған ән аса көңілді, қызықты әрі сергітетін болады. Алдағы екі айда бастаған ісімізді тәмамдап, көрермендердің назарына ұсынамыз деген ойдамын.

Сахнадан тыс қандай қызығушылықтарыңыз бар?

Жаңа жылдан бастап шығармашылықпен қызу түрде жұмыс атқаруға кірістім. Бос уақытым болғанда жаттықтыру залына барып тұрамын. Достарыммен караоке клубтарында демалуға тырысамын. Әртүрлі жанрдағы киноларды сүйіп қараймын. Онымен қоса, ән айту техникамды өзгертуге бетбұрыс жасаймын.

Өнер жолында қазақ эстрадасының қандай әншілерімен бір сахнада ән айтуды армандайсыз?

Негізі ауқымды шаралар мен жабық кештерде көптеген әншілермен дуэтте орындадым. Мақпал Исабекова, Али Оқаповпен бірлесіп өнер көрсеткен кездерім болды. Өзім аса құрметтейтін Батырхан Шокеновпен үлкен сахнада ән айтқым-ақ келеді.

Қазіргі өміріңізді өзгерткіңіз келе ме?

Қолдағы барыма ризамын. Өзгерткім келеді деп айта алмаймын. Бірақ Алматы қаласынан Астанаға қайта көшіп келу кезеңі біраз қиындық тудырды. Қайта құруды да жеңіп өтіп, мақсатымды іске асыратыныма кәміл сенемін.

Өмірлік ұстанымыңыз немесе сүйікті ойыңыз?

«Лимоннан лимонад жасай біл» тақырыбындағы нақыл сөздер мен астарлы ойлар шабыттандырады. Әр адам өз күшіне сене білуі қажет.

Ойыңызды ашық та анық білдіргеніңіз үшін рахмет! Жаңа жолыңызда жаңа табыс тілейміз!

Сізге де рахмет!

Салтанат ГАББАС

23 Января 2015
6016
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram