АСТАНА – ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА

Астана, город без наркотиков 2015

Әдеттегідей 26 маусым күні «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығында нашақорлықпен күресу күніне орай концерт ұйымдастырылады. Аталмыш шараға 1show.kz ұжымы өз үлесін қосты. Өнер жұлдыздары астаналықтардың көңілдерін көтеріп, ән шашуын тарту етті.

Кеше нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күні аталып өтті. Нашақорлыққа қарсы күрес құралы – оны таратуға қарсы бүкіл адамзаттың жұмылуы. Осы тұрғыдан алғанда, бұл құбылыстың барлық қасіреттері жөнінде адамдарды толық, жан-жақты, ақпараттандыру мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді құралы екенін барлығы мойындайды.

Игілікті шараның жүргізушісі жас әрі талантты, сөз шебері Арман Николаевич жиналған қауыммен түрлі ойындар өткізіп, кештің сәнін келтірді.

Әлеуметтік мәселелерлен тыс қалмай, салауатты өмір салтын насихаттап жүретін жұлдыздардың ішінде: Алмас Кішкенбаев, ДОС, Нина Моисеева, Нұрсұлтан Карабалиев, Ринат Теміржан, AlemStar және т.б өнерлерін паш етті.

Сергей Ильиных, Астана қ. Ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің басшысы:

Осыдан тоғыз жыл бұрын қолға алған істің жылдан-жылға өсіп-өніп келе жатқанына ризамыз. Негізінде, үлгі тұтарлық тұлғалардың салауатты өмір салтын насихаттауы халыққа пайдалы әсерін тигзеді деген ойдамын. Cтатистикаға сүйенетін болсақ, биылғы жылы есірткімен ұсталу оқиғалары айтарлықтай көп емес.

Нұрсұлтан Карабалиев, «Жас қанат-2014» байқауының 2-орын иегері, республикалық «Ән жүрегім - Астана!» байқауының Гран при иегері:

Өзім спорттың бірнеше түрімен айналыстым. Жас болсам да, әрдайым ақылға жол салуға тырысамын. Қазіргі жастарға айтарым, қулыққа берілмей, есірткі атаулыдан аулық жүрсін дегім-ақ келеді.

Нина Моисеева, әнші:

Денсаулық – зор байлық демекші, деніміздің саулығына баса мән бергеніміз абзал. Өз басым фитнеспен айналысқанды ұнатамын. Онымен қоса, бір жылдан астам диета ұстап, дұрыс тамақтануға көштім. Еліміздің әрбір азаматы сау болғанын тілеймін.

Нашақорлық баршамызға ортақ проблема болғандықтан немқұрайлылық танытпағанымыз жөн. Концертті тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары керемет әсер алып, езулерін тартты. Бұл еліміздің кішкентай азаматтарына да бір сабақ болды деген сенімдеміз.

Салтанат ГАББАС

27 Июня 2015
7610
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram