Туған күнің құтты болсын, Дос

Туған күнің құтты болсын, Дос

Кеше халыққа өзінің жайдары мінезімен, көңілді, ырғақты әндерімен танымал әнші Достың туған күні аталып өтті. Құттықтауға келген қонақтардың тізімінде Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов және тағы да басқа эстрада жұлдыздары болды.

Кеш Достың өзіндей шырайлы, жарқын, жолдастық ахуалына ұласты. Туған күн иесінің ескі досы Тұрсынбек Қабатов әдеттегідей көп әзілдесе, Мейіржан Әлиқпаров пен Қайрат Баекеновтың дуэті қонақтарды таңдандырды. Неге десеңіз,ер адамдардың орындауындағы «Форматтың» «Махаббат» әнін ешбір адам әлі де тыңдап көрмеген.

Мерей-тойдың жүргізушілері Рүстем мен Жандарбек жиналған қауымның көңілдерін көтеріп, жүздеріне қыран-топан күлкі сыйлады. Оған қоса, бірінен соң бірі Құрмаш Маханов пен Дос сияқты күтпеген дуэттер жалғасын тапты. Әнші Досымжан Таңатаров және Маржан Арапбаеваның директоры Наги Бақытбеков бәрінен артық үсті-үстіне шапалақ ұрып, мәз-мейрам болып отырды.

Шоумен, КВН қатысушылары мен әншілердің қалың құрамы бір тойда бас қосатыны сирек кездесетін шынайы жайттардың бірі. Бірақ әнші Достың мүшел жасқа толуы осындай керемет адамдарының мерейлі дастархан басында жиналуына себеп болды.

Маржан Арапбаева би үзілісіндегі жарқын жұлдыздардың бірі болды деп айтуға болады. Жиналған қонақтар хит әндерді масаттана қарсы алып, қуанышқа бөленді. Жуырда ғана Миланнан қайтып оралған Маржан өзімен алып келген  күн нұрын ғана емес, оңды, әрі сергектікке толы эмоцияларын да көпшілікке таратты.

Достың туған күн кеші selfie мен instagram-ғы бәйгемен ерекшеленді. Аталмыш мерей-тойда шынайы тілдесу мен жағымды әсерлер көп болды. Құрметті де қымбатты Досты мүшел жасқа келуімен тағы да бір рет құттықтаймыз!

11 Июля 2015
9088
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram