Портфолио 1show.kz
AFTERPARTY - #ASTANAZHULDYZY

AFTERPARTY - #ASTANAZHULDYZY

«Астана жұлдызы» байқауында мыңнан озған үздіктер белгіленіп, той-думан өз жалғасын afterparty кешінде тапқан болатын. Шоу-бизнес әлемінде аянбай еңбек етіп жүрген жұлдыздар демалуға да уақыт тауып, өздерін еркін сезінді.

Afterparty жүргізушілері Orda fm радиосындағы «Лига Джентльменов» бағдарламасының қатысушылары Азамат пен Антон экран, радио, эстрада жұлдыздарының көңілдерін көтеріп қана қоймай, ойын-сауық құрып та тамсандырды.

Үздік дуэт номинациясының жеңімпазы атанған Бүркіт пен Аиша, Үздік әнші атанған Айқын, атаулы жеңіске ие болған жұлдыздар қуаныштарымен бөлісіп, жұлдызды достарының ықыласына бөленді.

Тіпті, еркін атмосфераға әбден ұласқан кещте бір-бірімен жарыса билеген жұлдыздар да табылып жатты. Әсіресе, көзге түскен «Turkvision-2014» байқауының қатысушысы Бейбіт Қушқалиев би батлында барлығынан асып түсті. Қалай болғанмен, сахнада өнер көрсетіп жүрген әншілердің дарындылығы жан-жақты дамығанын байқадым.

Тағы да бір айта кететін жайт, көптеген сұлу, танымал, әнші қыздарымыздың ұстазы, өнердегі аналары болып табылатын Баян Мақсатқызы достарының жанында босаңқырап та алды. Егер жұлдыздардың арасында биден бәсекеге түсетін болса, Баян Есентаева бірінші орынды жеңіп алатынына күмәнім жоқ. Шығыс биіне мың бұрала билеп, қонақтардың назарын аударды.

Әнші Кенталдың «Жаным-ай» әніне билемеу мүмкін емес. Кешке келген қонақтардың барлығы дерлік шын көңілмен дем алып, шаршағанша биледі. Осы кеште Кентал келесі «Далида» атты жаңа туындысын орындап, әріптестеріңің ақ тілектерін қабыл алды.

Менің байқауымша, күнделікті өмірде еліміздің музыка мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарымыздың бүгін күндегі нәтижесі қуантарлық. Астана жұлдызының жыл сайын сапасы артып, мәртебесі өсе берсе, шетел музыка байқауларының деңгейіне жетуге әбден болады.

Салтанат ГАББАС

12 Июля 2015
2254
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
вконтакте facebook twitter youtube instagram