Астаналық ORDA.fm радиосына үш жыл

Азамат Исаев

Белгілі журналист, танымал тележобалардың авторы, ORDA.fm радиосының директоры Азамат Исаев радио саласындағы 5 үздік айқындамасымен бөлісті.

  1. Радионың атауы тарихпен тығыз байланысты болып келеді. Ертеде «орда» сөзі «хандық» деген мағынада қолданылса, бүгінде «орда» астаналықтар ордасы, қала тұрғындарының радио ордасы деген мағынаға ие.
  2. Бүгінде кез келген тыңдарман әлемнің түкпір-түкпірінде бола тұра, сүйікті радиосының қосымшасын ұялы телефонына жүктей алып, рахаттана тыңдау мүмкіндіктері бар.
  3. ORDA.fm радиосындағы бағдарламалар тек тікелей эфирде жүргізіледі. Бұл сапалы жүргізушілердің аянбай  еңбек етуінің көрсеткіші болып табылады. Тәжірибесі мол, танымал журналистер командасын өз елімізде ғана емес, шетелде де танып келеді.
  4. Үш жылда тұрақтылыққа ие болған радионың жобалары танымал болып табылады. Күнделікті таңғы бағдарлама, «Лига Джентльменов» атты көңілді кешкі бағдарламасы мен әңгіме-думанның мәнін келтіретін «Кешкі  Time»осы күнге дейін үзіліссіз жүргізіліп келеді.
  5. Радионың өзіндік дәстүрі бар. Жыл сайын ORDA.fm-ның ұжымы тыңдармандарымен бірігіп, қайырымдылық акциясын өткізеді. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, ізеттілік танытады.

Салтанат ГАББАС

25 Марта 2016
5045
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram