Тұрсынбек Қабатов «Әзіл әлемі»

Тұрсынбек Қабатовтың Әзіл әлемі

Астананың 15 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қолжеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі. Асан баба армандаған Жерұйығы – қазақ халқының еркіндік пен бостандыққа, бейбіт өмірге көзқарасының жемісі. Елдегі тыныштық пен бейбітшіліктің нәтижесі – Астана қаласы.

«Боз жусаны омырау қаққан, Бозторғайы қоңыраулатқан» Арқа төсінің ортасына қазығын қаққан жас мемлекетіміздің символы, елдігіміздің, еңселілігіміздің жарқын бет-бейнесі Астана шаһарына арналып қаншалықты ән-жыр жазылса да артық емес, қанша күй туса да көптік етпейді. Астанаға ән арнау, жыр арнау, күй туғызу – бабалар аманатына құрмет, келешек ұрпаққа өнеге. Елімізге танымал сықақшы «Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының» директоры, Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылық кеші де елордамыз Астананың мерей тойына арналады. Концерт барысында қойылатын қойылымдар мен әзілдер, әуезді әндер көрермен қауымның Астанаға деген ерекше махаббатын, шексіз алғысын, туған тіліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруы сөзсіз.

6 Июня 2013
7988
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram