Портфолио 1show.kz
Әли Оқапов: 80% жанды дауыспен айтам

Әли Оқапов

Сәлеметсіз бе! Астана күні құтты болсын! Көңіл күйіңіз қалай?

Рахмет! Бірге болсын! Біраз шаршағаным бар. Қазір «Аялаған Астана» түсіріліміне қатысудамыз.

Өткенде, бірінші альбомнан кейін бірден екінші альбомның жұмысын бастаймын, деп айтқан болатынсыз. Оның бағыты қандай болмақ?

Әзірше, нақты айта алмаймын. Себебі, алғашқы альбомым сатылымға енді шығып жатыр. Келесі альбомым біріншіге мүлде ұқсамайтындай етіп жасауға тырысамын. Бұнда аса құрметті әнші, әріптесім Дильназ Ахмадиевамен дуэт жоспарлануда.  Көбіне жанды дауыс, жанды аспаптардың сүйемелдеуімен әндерді жазғым келеді.

Ал, өзіңіз үнемі жанды дауыспен ән айтасыз ба?

Негізі, 80% жанды дауыспен айтамын деп нақты айта аламын. Кей кездері жағдай келмесе, кейде бағдарламаларды түсіргенде міндетті түрде жанды дауыспен айтамын. Алдыңғы жылы еліміздің елу ауданын аралаған кезде, барлық жерде жанды дауыспен айтып шықтым. Бұл да бір еңбек деп ойлаймын.

Сізде белгілі бір бағдарламаны жүргізу мүмкіндігіңіз туындап жатса, қандай тақырыпты таңдар едіңіз?

Жаным биге жақын болғандықтан, жастар арасында биді дамытатын бағдарламаны жүргізсем тамаша болар еді. Оған қоса, жоғарыда айтып кеткендей, тек қана жанды дауыспен айтатын, нағыз әртісті ажырата алатын шынайы бағдарламаны қолға алар едім.

Осы жылдың басында «Қазақстан дауысы» байқауының қатысушысы Роза Мұқатайдың музыкалық продюсері атандыңыз. Бүгінде жұмыс қалай жүріп жатыр?

Жұмыс қызу жүріп жатыр. Музкалық продюсері ретінде, біз жаңа төрт ән жаздық. Енді, жоспар бойынша жаздың немесе күздің соңына дейін бірінші бейнеклип түсірмекші ойымыз бар. Роза өте дарынды қыз. Осындай бағдарламалар халықтың әртіске деген нағыз махаббатын көрсетеді деп ойлаймын.

Уақытыңыздың тығыздығына қарамастан, сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін көп рахмет!

Сізге де рахмет! Өте жақсы дайындалып келіпсіз!

9 Июля 2014
1563
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
вконтакте facebook twitter youtube instagram