АЗАМАТ ИСАЕВ: Мен ешқашан selfie жасамаймын

АЗАМАТ ИСАЕВ

«...Таңертең оянғанда  біз өзімізге көңіл-күйді киім кигендей таңдай алады екенбіз. Ендеше, бақытқа киініп жүрейік. Бақыт «мода»-дан ешқашан шыққан емес» - деп, ORDA fm радиосының директоры өзінің өмірлік ұстанымымен бөлісті. Екі жасқа толған радио мен журналистің ақпаратқа толы өмірі жайлы Азамат Исаевтың бізге берген сұхбатынан біле аласыздар.

  • Қызметіңізде аса ұнайтын кездеріңіз қандай?

Радиодағы шұғыл жұмыс өте ұнайды. Теледидардың кемшілігі зор демеймін, бірақ радиода ақпаратты лезде тікелей эфирде халыққа жеткізуге болады. Бұнда бет-әлпетін, киім-кешегін жөнге келтіріп отырудың қажеті жоқ. Ең басты маңызды да қызықты жаңалықтарды шапшаң жасап,  тыңдармандарды хабардар ету. Жұмысымның сол жағы қызығырақ деп ойлаймын.

  • ORDA fm радиосындағы бағдарламалар санының ұлғаюы мүмкін бе?

Жалпы, екі жыл ішінде белгілі бір эфирлік кестеміз қалыптасқан. Оның ішінде таңғы және кешкі бағдарламалар, жаңалықтар, жарнамалар легі күнделікті шығып тұрады. Үйреншікті түрде «Лига джентльменов» пен «Кешкі TIME» сияқты радиошоуларының өз тыңдармандары бар. Сол себепті эфирлік кестені бұзуға тырыспаймыз. Әр сәрсенбінің кешінде шығатын жаңа бағдарламалардың бірі «Сан-сауал» әлеуметтік, саяси тақырыптарға негізделген. Бұны радиолық ток-шоу деп атауға болады.  Әр саланың маманы келіп, өз ойымен бөліседі.

  • Бүгінгі таңда радио директоры және «Astana TV» телеарнасының бас продюсері бола тұра, өз стиліңізді, сымбатыңызды қалай сақтап қалдыңыз?

Рахмет (күліп). Шыны керек, мен өзімді стильді жұлдыздардың қатарына жатқыза алмаймын. Дегенмен, киім-кешек таңдауда талғамым жоғары. Түстердің бір-бірімен үйлесуін, жарасымдылығында аздап хабарым бар.

  • Журналистика саласында он бес жыл еңбек етіп келеді екенсіз. Есіңізде ерекше қалған сұхбат қандай?

«SuperStar.kz» жобасы кезінде белгілі әнші Нағима Есқалиевамен жүргізген әңгіме сұхбатымыз есте қалды. Сыртынан қатал, тұйық көрінетін өнер иесі ешбір жанға айтпайтын оқиғасымен бөлісіп, отбасы жайлы да айтып берген болатын. Халық әншісінің сұхбат кезінде өзіме ағынан жарылғанына өте риза болдым.

  • Ешқашан selfie бірге түспейтін адамдарыңыз  бар ма?

Мен жалпы селфиге түспеймін. Инстаграм парақшасын ақтарып қарауыңызға да болады. Қазір сәнде жүрген әдетті мүлде қолдамаймын. Жақында, тіпті ғалымдардың зерттеуі бойынша селфиге түсетін адамдардың психикалық тұрғыдан ауытқуы бар екендігі анықталған болатын. Мүмкін мен дені дұрыс адамдардың қатарында болғаным шығар (күліп).

Салта ГАББАС

26 Марта 2015
3079
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
<
Ваша
оценка:
вконтакте facebook twitter youtube instagram