Портфолио 1show.kz
Астанада квн ойындарының іріктеу кезеңі өтті

национальная лига квн

Сәуірдің 16-17 күндері «Ұлттық КВН лига» жобасының 1\4 ширегіндегі жартылай финалы өткізілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген командалар көрермендерді   өзіндік әзілдерімен әбден қуантты.

«Жас Отан» Жастар қанаты, 1show.kz журналы және ORDA fm радиосының  қолдауымен екінші жыл қатарынан өткізліп отырған ойынның айтары аз емес. Өткен жылы жетістікке қол жеткізген, ерекшелігімен танылған командалар  бүгінде жастар арасында танымал болып келеді. Сонымен қатар, әзіл әлеміне енді жол тартқан жас командалар тек қана алға ұмтылуды көздегені байқалады. Бұндай көрсеткіш КВН редакторы мен әділ қазы мүшелерінің адал еңбектерін растайды.

Ойынның бірінші күні командалардың қобалжығандары біраз байқалғанымен, жақсы ойын көрсете алды. Студент не жұмысшы жас бола тұра, ортақ тақырыпты ұстанып, әзілдерін жарастыра білді. Әсіресе, әлеуметтік желіде көпшіліктің күлкісін келтіріп жүрген «интернет мем» дер сынды қызықты ақпарат төңірегінде сахна алдында өнерлерін көрсетті.

Екінші күні бой түзетіп, күш жинаған командалардың ойыны ұтымды болды. КВН ды тамашалауға келген қонақтар өздерінің сүйікті топтар құрамын барынша қолдап, лық толы зал сергектік атмосферасын туғызды. 

Ойынның басталуына біраз уақыт қалғанда 1show.kz тілшілері сахнадан тыс бөлімдерде дайындық үстіндегі командалардан шағын сұхбат алып та үлгерді. Алматы және Астана қаласының құрамалары келесі сауалдарға жауап берді:

«Fresh» командасы:

Біз КВН ойнап жүргенімізге жеті жыл болды. Осы уақытқа дейін бірнеше байқауларға да қатысып, әртүрлі форматта ойнап көрдік. Дегенмен, команда құрамы аса қатты өзгеріске ұшыраған емес. Алдағы ойында жеңеміз деген сенімдеміз.

КАЗГЮУ құрамасы:

Өзіміздің университетіміздің атағын қорғап жүргенімізге ризамыз. Мамандығымыз заңмен байланысты болғандықтан, негізінен, байқамсырап әзілдеуіміз керек. Біз сахнада орысша сөйлейтін қазақтілді командалардың біріміз (күліп).

«Седьмой километр»:

Бізді заманауи тұрғыға сай ойнайтын командалардың бірі деп танып жатады. Тобымызда ылғи ер адамдар, онымен қоса стиліміз мен сәнімізді өзіміз таңдаймыз. Көбіне интеллектуалды тұрғыдағы жұрт түсінбей жатады. Сол себепті, жалпыға ортақ тақырыпта әзіл құрастырамыз.

КВН ойыншыларымен өткізілген сұхбат тартысты да қызықты болып өтті. Көңілді жігіттермен күлкілі сұхбат жалғасын табатынына сенеміз...

Салта Габбас

20 Апреля 2015
2798
Автор: администратор
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
вконтакте facebook twitter youtube instagram