Kental: «ДАЛИДА» әніне бейнебаян түсірудеміз

Kental

Елге «Халқым» әнімен танымал болған Kental бүгінде сұранысқа мол әншілердің қатарында. Сонымен бірге, Астана қаласындағы Ерлан Көкеевтің «Disco bar» клубында MuzZone телеарнасының қолдауымен «Тыңдармандарымен кешкі кездесу» атты жобасын бірінші болып ашты.

Ән жинағындағы өзгеріс. Иә, соңғы кездері «Халқым» стиліндегі әндерді сирек орындайтыным рас. Дегенмен, репертуарым жан-жақты болы тиіс деп ойлаймын. Келесі жылдың басында жаңа патриоттық туындым жарыққа шығады деген үміттемін.

Жаңалық. Бұл хабармен бірінші рет бөлісейін деп отырмын. Бүгінгі кештен кейін ертең таң атысымен «Далида» әнінінің бейнебаянын түсіруге кірісеміз. Әннің сөзін де, музыкасын да өзім жазғандықтан, режиссер мен сценарист жұмысын өз қолыма алмақпын. Әрине, танымал клипмейкер Максим Соколовскийдің алтын қолының көмегімен сапалы өнім жасайтынымызға сенімім мол.

Instagram парақшасында «Перизат» әнімен шулатқан... Бірде Instagram-да тыңдарман қыздардың бірі осы әнді орындап, желіге жібергенін байқадым. Шыны керек, әнді әдемі орындапты. Көңілімнен шыққан соң, жеке парақшамда жария еттім. Кейін тыңдармандар тарапынан видеолар саны көбейе бастады. Осыншама белсенділік танытқандарына таңдандым. Халықпен қарапайым, ашық болғанды қалаймын.

Ескі дос – Анатолий Цой. Қазіргі таңда досым Ресей шоу-бизнесін бағындырып жүргенімен, достығымыз жалғасып келеді. Оның жетістіктеріне қуаныштымын. Екеуіміз көптеген «Superstar.kz», т.б сынды жобаларына барып, бағымызды сынағанымыз баршаға мәлім. Бүгінде уақытымыз тым тығыз болғандықтан, сирек хабарласып тұрамыз. Алдағы уақытта  бұрынғыдай «дуэт» болмасақ та, әлі де бірге ән шырқайтын боламыз (күліп).

«Тыңдармандармен кешкі кездесу» бірінші болып қатысуым...Мен үшін қуанышты жайттардың бірі. Негізі, мен әрдайым бірінші болуға тырысамын. Жеке өмірімде де, қызмет сатысында да алғашқылардың қатарында болу тағдырдың жазғаны шығар. Мен арманшыл, қиялшыл және өз жұмысын жақсы көретін адаммын(күліп). 

26 Октября 2015
6143
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram