Жайдарман жайлы эфирде

Есен Елеукен

Қазақстан КВН одағының президенті, көпшілік «Ес аға», деп танитын Есен Елеукен ORDA fm радоисындағы «Лига Джентльменов» жобасының қонағы болып қайтты.

Шыны керек, жайдарманшылардың ағасы Ес аға көптен күткен қонақтардың бірі болды. Концерттер мен іс-шараларда, мерейтойларда жиі кездескенмен, шақыруын күткен Есен Елеукен әйтеуір джентльмендермен бірге әңгіме жарастырды.

Елімізде КВН дамығаннан бері атауы бірнеше рет өзгерді. Бұл жайында Есен Елеукен өз ойын қосты: КВН, КТК, Жайдарман деп аталды. Бүгінгі таңда қазақша КВН атауы Жайдарман халықтың санасына сақтаулы болды. Жайдарман дегеніміз көңілді жандар, яғни ортаның көңілін көтеріп жүретін жайдары адамдар.

Тізбектелген Жайдарман лигасы...

Қазақстанның ірі қалалары мен аудандарында көптеген филиалдар жұмыс жасайды. Орталық лига Қазақстанның 4 қаласында: Қостанай, Павлодар, Орал және Тараз. Алматы қаласында Республикалық лига, Премьер лигадан кейін Жоғарғы лига болып 7 сатыдан тұрады.

Айтылмаған оқиға

Есен Елеукен Джентльмендердің әріптесі болып келеді екен. Жайдарманға аяқ басқанға дейін радиода қызмет еткені жайлы бірі білсе, бірі білмес. Сонымен қатар, XXI ғасырдың басында техниканың өзгешеліктері кесірінен қызықты оқиғаларға тап болған жағдайларымен қуанақуана бөлісті. Аз да болсын, ағынан жарылған жайдарманның ағасы: «Радионы әлі күнге дейін аңсаймын» деп сырымен бөлісті.

Салта ГАББАС

10 Ноября 2015
3745
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
<
Ваша
оценка:
вконтакте facebook twitter youtube instagram