«Кешкі ТІМЕ» -ның қонақтары билеп қайтты!

Кешкі ТІМЕ

Кешкі жол кептелісіне қарамастан, студияға уақытылы келген қонақтарды радио ұжымы асыға күткен еді. Себебі, «Кешкі ТІМЕ»-ның қос әншіге қояр сұрақтары аз болмады. Әңгіме Қыдырәлі мен Қарақаттың жаңа әнінің тұсау кесерінен басталды. Иә, үздік әуендер ордасы қай уақытта да талантты әншілерге қолдау көрсетуден жалыққан емес. Бұл жолы да сәтті шыққан ән «ОрдаФМ» радиосының тыңдармандарына алғашқы болып жетті.Сондай-ақ,  сұқбат барысында Болманов мырза ұлттық бренд қалыптастырып, қазақ мәдениетінің дамуына ерекше үлесін қосуда аянбай еңбек етіп келе жатқанын да атап өтті. Ал, төрт баланың анасы жақында «Қарақат мектеп-студиясының» бес жылдық мерейтойын Астана төріндегі «Қазақстан» Орталық Концерт залында үлкен концерт беріп, атап өтпек. Жарасты әзіл айтып, әдемі әңгіме өрбіткен эфир тізгініндегі Майра мен Жасұланның ел аузында жүрген жандармен ойын ойнап, қонақтарды бір сергітіп алатындары бар. Бұл жолы Қарақат пен Қыдырәлі «Кешкі ТІМЕ сөздігі» дейтін ойында сәл мүдіріп, орысша сөздердің қазақшаға аудармасын білмей қалғаны болды. Десек те, эфир соңында студия қос әншінің жүргізушілермен бірігіп билегенімен аяқталды. Айтпақшы, биді көргілеріңіз келсе, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі қос жүргізушіміздің парақшаларынан тамашалай аласыздар. «Кешкі ТІМЕ» көңілді көтереді!

Жұлдыз АКБАРОВА 

27 Мая 2014
5756
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram