Блог #35

Театр, театр, Астанада театр

«Астана қаласы көңілді тапқырлар театры» 2010 жылы 23 қыркүйекте тұсауы кесілген жас ұжым. Театр ұрылғалы бері өнер сүйер қауымның көзайымына айналып, өнер өлкесінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, өз орнын тапты. Астана қаласы әкімшілігі, Астана қаласы Мәдениет Басқармасының тікелей қолдауымен бүгінгі күнде жоспарға сай жұмыс жасау үстінде. 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын ұлықтап, «20 жылдыққа 20 концерт» атты гастрольдік сапармен Қазақстан қалаларын аралап қайтты. Сонымен қатар, басқа атаулы мерекелерге де байланысты театр өнерін насихаттап, концерттік бағдарламасын ұсынып келеді.

Театрдың директоры елімізге танымал белгілі сықақшы Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов. Театрдың шығармашыл ұжымында таланты актерлер және әншілер жұмыс жасайды. Өмірдің әр-қырымен байланыстыра отырып, қоғамдағы келеңсіздіктерді кейде сынмен, кейде әзілмен ойнақы жеткізу арқылы жас театрдың өзіндік жаңа стилі қалыптасты. Әзіл өмірмен бірге өзгеріп отыратыны хақ. Сондықтан, қалың көрерменнің талғамын қалыптастыруға тырысып баққан театрдың өнерлі жастары әрқашан да жаңа әзілдері мен пародияларын халыққа жаңаша бағытта ұсынып келеді.

Осы екі жыл аралығында талмай ізденіспен келе жатқан жас театрдың асар асуы, шығар биігі әлі алда сөзсіз. Еліміздегі әзіл театрлары арасында өз көрермендерін тауып, жоғары биіктерден көрініп келеді. Әрқашан да театрға баға беруші көрермені болса, театр қашанда алға қарай қарыштай бермек!

11 Апреля 2013
4697
Автор: администратор
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram